Кеше Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінің конференция залында Түрік кеңесінің елдері – Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттерінің туризм саласындағы компанияларынан құралған жұмыс тобының VIІ отырысы өтті. Жиында «Жаңа заманғы Жібек Жолы» бірыңғай туристік өнім бағдарламасын құру жайы талқыланып, оның халықаралық туристік нарықта даму мәселесі қаралды.Басқосуда аталған бағдарламаның халықаралық әуе тасымалының құны ескерілген таныстырылымы өтіп, Жібек жолының жүрегі саналатын Оңтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуеті жайлы сөз болды. Түркі тілдес елдер кеңесі секретариаты тарапынан «Жаңа заманғы Жібек жолы» бірыңғай туристік өнімінің маркетингтік стратегиясының жол картасының тұсау кесері жасалды. 2016 жылғы Түрік кеңесі елдерінің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қатысушы мемлекеттерге Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігі әзірлеген бағдарлама көрсетілді. Жиын ясында «Экспо-2017» көрмесі кеңесшісінің орынбасары Роза Асанбаева халықаралық «Экспо-2017» көрмесі кезінде пойыз-қонақ үйдің Қазақстан бойынша экскурсиялық турының бастау алатынын айтты.
тырыс соңында Түрік кеңесі елдері туроператорларының консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды.