Экономика Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілмек Редактор 13.01.2022 6604 1 оқу мин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету бойынша берген тапсырмасына сәйкес Шымкентте 1500-ге жуық кәсіпкерге көмек көрсетіледі. Мәселен, 1 мыңнан астам кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы-2025» «Қарапайым заттар экономикасы» және «Жұмыспен қамту жол картасы» сынды мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 8,7 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсету жоспарлануда. Одан бөлек мемлекеттік бағдарламалардан тыс жергілікті деңгейде «Мен кәсіпкер боламын» және «Іскер қала» арнайы іс-шаралар жоспары шеңберінде 1,0 млрд. теңгеге 200-ге жуық бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несиелер ұсынылады. Сонымен қатар өндірістік алаңдарының жалдау ақысының бір бөлігін өтеп беру арқылы қолдау көрсетілетін болады. Түрлі деңгейдегі қолдаулардың арқасында іс-әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 30%-ға өсіру жоспарлануда. 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 75,5 мың бірлікті құраса 2025 жылға қарай 100 мың кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізу болжануда. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін жалпы өңірлік өнімде 45%-ға жеткізу көзделуде. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 3904 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 3484 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 16835