Экономика Шымкентте тозығы жеткен үйлер түбегейлі жаңғыртылмақ Редактор 02.02.2022 9546 1 оқу мин Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев тозығы жеткен үйлер орналасқан Еңбекші ауданының әкімімен кездесті. Кездесуде реновациялық бағдарламаны инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жайын қозғады. Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бекітілді. Аталған бағдарлама бойынша тізім жасақталып, тұрғындармен келісу жұмыстары жүргізіледі. Бағарламаға сәйкес, егер меншік иесі келіскен жағдайда мүлкін реквизициялау кезінде оның құны толығымен өтеледі, өткізілетін мүлік үшін өтемақы немесе салынып жатқан нысандардағы ауданы жағынан бірдей пәтер беру арқылы қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде Абай ауданында — 56, Әл-Фараби ауданында — 43, Еңбекші ауданында 8 тұрғын үй бар. Кездесу соңында биылға бірқатар көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары талқыланды. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 18213 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 38429 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 51245