Экономика Мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге алудың мүмкіндігі туды Редактор 17.05.2022 16906 1 оқу мин Әрбір қазақстандықтың мемлекет қазынасынан өз қажеті үшін 5 миллион теңге алуына жол ашылды. Ол үшін қызықты бизнес-жоспар құру қажет. Жас кәсіпкерлерге арналған бұл бірегей байқау еліміздің барлық аймағында өткізіледі. Конкурсқа қатысушыларға қойылар бір ғана талап — әрбір үміткер ұйымдастырушыларға бұрын-соңды болмаған тың бизнес-жоспарын ұсынуға тиіс, деп хабарлайды Экспресс К. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер басқармасындағылар жас кәсіпкерлердің жұмысын бағалау кезінде тың шешімдерге басымдық берілетінін айтады. «Конкурсқа бұрын қолданылмаған материалдар, технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып, тауар айналымы немесе қызмет көрсету секілді белгілі саладағы нақты жобаны жүзеге асыруға бағытталған жаңа бизнес-идея ұсынылуға тиіс», — дейді басқарма өкілі. Аталған гранттарға қаржы мемлекет қазынасынан бөлінеді. Қажет болған жағдайда қажетті соманы жергілікті бюджет есебінен толықтыруға болады. Жеңімпаздар санының бірнеше адаммен шектелмеуі мүмкін. Грантқа ие болған жас кәсіпкердің мемлекеттен алған бес миллион теңгені қажетті жобаға жұмсаған жағдайда ғана қайтармайды. Кәсіпкерлер басқармасы 18 ай бойы қаржының қандай мақсатқа жұмсалғанын қатаң бақылауда ұстамақ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің өтінішін қабылдау 2022 жылдың 26 мамырында басталып 3 маусымда аяқталады. Толығырақ сілтеме арқылы білуге болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 13577 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 19862 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 77241