Экономика Түркістан: Келес ауданына инвестор келді Редактор 20.05.2022 13356 1 оқу мин Түркістан облысы, Келес ауданына Халықаралық өнеркәсіптік орталығының корпорациясын салу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан «QazExpoCongress» ҰК» АҚ өкілдері келді. Аталған нысан Ұшқын ауылдық округінің аумағында орналасады деп жоспарланған. Инвесторларды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастап жүрді. Аудан басшысы Келес ауданының мүмкіндіктерін баяндап, кәсіпкерлік нысан үшін қажетті іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімі мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқарып, қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасауды ұйымдастыруды үйлестіруге «TURKISTAN INVEST» мекемесі көмектеспек. Инвесторлардың сөзінше, олар осыған дейін көршілес Өзбекстан Республикасы аумағында болып, олардың мүмкіндіктерімен де танысқан. Жобаны жүзеге асыруда Келес ауданының аумағы тиімді екені анықталған. Осы аймаққа темір жол торабы салынып, сауда-саттықтың дамуына үлкен серпін береді деген сенім бар. Өз кезегінде аталған сауда комплексі салынған жағдайда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етпек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 51744 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 162835 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 178965