Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысынан 240 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен Алматы қаласына аттанды. Алматылықтарға 65 тонна ет, 112 тонна көкөніс, 14 тонна жеміс, 15 тонна картоп, 12 тонна сүт өнімдері мен 21 тонна өзге де ауылшаруашылық өнімдері және 30 мың дана жұмыртқа ұсынылатын болады. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 135,6 теңгеден астам қаржыны құрайды.
28-29 мамыр күндері Алматы қаласында өтетін жәрмеңкеде оңтүстіктен жеткізілген сапалы өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға дейін арзан бағада тұрғындарға ұсынылмақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы жыл басынан бері Ақтөбе қаласында, облыстың аудан, қалаларында жалпы 19 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып өткізген. Жәрмеңкелерге жалпы құны 196,3 млн теңге болатын 471 тонна өнім ұсынылған.
Өңірде осы жылы 876 мың тонна көкөніс, 258,5 мың тонна картоп, 1263 мың тонна бақша өнімдері, 75 мың тонна жеміс-жидек, 55 мың тонна жүзім өндірілуі жоспарлануда.
Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан 6 есеге, жеміс жидектен, жүзімнен 3 есеге артық.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі