Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2022 жылғы 29 маусым – Astana Finance Days 2022 қаржылық конференция аясында Қазақстандағы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» тікелей портфельдік инвестицияларды іске асыру мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) құрылған Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясын таныстырды. Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы өз қызметін 2021 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Шеврон» компаниясы арасында 248,5 млн АҚШ доллары сомасында инвестиция құю қорын құру туралы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырады. Құрылған компанияның миссиясы ақпараттық және цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ саласына тауар өндіру және қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасына қолдау көрсету. Компания жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпорындарды дамыту, тәжірибе мен технологияны алмасу арқылы жергілікті қамтуға инвестиция құюды жоспарлап отыр. «Біз инвестициялық жобаларға қойылатын нақты критерийлері мен талаптары бар және де жобаларды іріктеу процесі тиімді ұйымдастырылған «Шеврон» компаниясының тәжірибесі мен сараптамасы – қазақстандық кәсіпкерлер әлеуетінің өсуіне және тартымды бизнес-жобалардың дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз», – деді Қазақстан Республикасы энергетика министрі Болат Ақшолақов. «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің Қаржы жөніндегі бас менеджері Дэймон Торнбергтің айтуынша, компания Қазақстанда қолайлы экономикалық кірістілік, ел экономикасына оң әсер ету, жобалардың Қазақстанның стартегиялық жоспарларына және «Шеврон» компаниясының коммерциялық және техникалық талаптарына сәйкестігі сияқты негізгі көрсеткіштерге сай келетін тартымды жобаларды инвестиция құю үшін қарастырып жатыр. 2021 жылғы желтоқсаннан бастап компанияның инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтініштерді қабылдайтын www.cdif.kz сайты жұмыс істейді. ### «Шеврон» туралы «Шеврон» — дүниежүзіндегі ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компания қолжетімді, сенімді және таза энергияның гүлденген және тұрақты әлемді құруда маңызы зор деп сенеді. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, көлік жағармайын, жанар-жағар май, мұнай-химиялық өнімдерді өндіреді, сонымен қатар бизнес пен саламызды жақсартатын технологияларды дамытады. Компания қызметіндегі көміртекті азайтуға ерекше назар аударады және бизнесін қалыпты бағытта дамытумен қатар көміртек шығарындылары төмен бизнесті дамытуға тырысады. «Шеврон» компаниясы туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан таба аласыздар. Chevron Direct Investment Fund Ltd. туралы Өз бизнесін жүргізетін басқа елдердегідей «Шеврон» компаниясы ресурстарды игеру, мыңдаған жұмыс орындарын ашу, жергілікті тауарлар мен қызметтерді пайдалану және қазақстандық жұмыскерлердің әлеуетін дамыту арқылы Қазақстан экономикасына да үлесін қосады. Chevron Direct Investment Fund АХҚО-да құрылған жеке компания, ол арқылы «Шеврон» жергілікті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерді дамыту мүмкіндігімен тауар өндіру, мұнай-газ саласында жұмыстарды орындау және қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық технологиялар, соның ішінде цифрлық технологиялармен шектелмейтін әртүрлі салалардағы кәсіпорындарға инвестиция құю арқылы Қазақстан экономикасын дамытуға үлес қосуды жоспарлап отыр. Бұл компания туралы толығырақ ақпаратты www.cdif.kz сайтынан таба аласыздар. Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы Ұжымдық инвестиция құю қоры емес және АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің қандай-да бір қаржылық қызметті атқару бойынша тиісті лицензияға ие емес. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану болып табылады. www.aifc.kz