Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Констанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан Shymkent-City ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.АЕСОМ — сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады. Айта кетейік, Қазақстан — АЕСОМ компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттер ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі