Экономика ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ Редактор 27.07.2022 7158 1 оқу мин Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар беріледі. Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Тастемір Ақұлан мәлімдеді. Сондай-ақ, брифинг қатысқан Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамның тіршілігіне тарту, араластыру екендігін айтты. «Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады»,- деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев. Жоба — жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 265668 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 287802 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 294040