Экономика 1 мың тоннаға жуық ет көрші елдерге эскпортталады Редактор 19.10.2022 6267 1 оқу мин 1 мың тоннаға жуық ет көрші елдерге эскпортталады Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі Сайрамның әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Ауылдарды дамытуға басты басымдық беріледі. Жаңа ғана мен ауданда салынған жаңа мектептің ашылуында болдым. Жекеменшік мектеп салудан Сайрам көш бастап тұр. Бұл – үлгілі іс. Мектеп тапшылығын шешу үшін биыл облыста 59 жаңа мектеп салынып жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 86 мектеп салынады. Онда 60 мың бала білім алатын болады. Бұдан бөлек, Манкент елді мекенінде, Ақсу, Ақбұлақ ауылдарында 3 жаңа 600 орындық мектептердің құрылысы жоспарлануда. Бүгінде жекеменшік мектеп салудан Түркістан облысындағы Сайрам ауданы көш бастап тұр. Ақсукент ауылында бүгін 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан 7 айда салынған 7-ші мектеп. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Аудандағы «Ақсу-Манкент-Жібек-Жолы» автомобиль жолдарына жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйелері жаңартылады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Сайрам ауданындағы 7 елді мекенде жалпы құны 1,1 млрд. теңге құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 7 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, ал 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған. Алты ауылда орталықтандырылған газбен қамту бойынша жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба жоба жүзеге асырылуда. Аудандық маңызы бар 6 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге бөлінді. Биыл ауданда мемлекеттік қолдауымен 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады. Жеке кәсіпкер Н.Сулайманов салған 1200 орындық мектеп ашылды. Инвестор Сайрамда бір жылда 7 мектеп салған. Тағы алты мектеп құрылысын бастауға дайын. Сүт өнімдерін өндіретін «Aykan» ЖШС-і бүгінде аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорында сүт сарысуынан өндірісте қолданатын ұнтақ шығаратын жаңа технология іске қосылды. Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ қалдықсыз өндіріс. 10 мыңнан астам мал басына арналған мал бордақылайтын ферма мен ет өңдейтін цех та бар. 56 гектар жерде орналасқан өндіріс орны жылына 5 мың тонна ет өндіреді. 1 мың тоннаға жуық ет көрші елдерге эскпортталады. Бүгін мұнда Түркиядан арнайы алдырылған жаңа технология іске қосылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 4800 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 12142 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 69430