«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Оны облыс аумағындағы аудандардың даму көрсеткіштерінен ақ көруге болады. Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқын алған Аудандағы төртінші тоқсанның кезекті кездесуі Тасарық ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 9 айдағы көрсеткіштері мен алдағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысы баяндалды. Ауылдық округ аумағында 2022 жылы жүзеге асып жобаларға тоқтала кетсек: Оңтүстік елді мекенінің 3,8 шақырымын түнгі жарық қойылды. Тасарық ауылдық клубы табиғи газға қосылды. Жамбыл елді мекенінде мемлекеттік жекеменшік-әріптестік аясында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізілді. Тасарық және Ханарық елді мекендерінің жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация жүйелерін жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. «Кент» каналының бұзылған науаларының 0,5 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Үшінші тоқсандағы кездесуде көтерілген мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы: Жамбыл елді мекеніндегі құрылысы жүріп жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алдындағы ағын су өтетін арыққа лоток қою мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, Тасарық ауылдық округі аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 78,4 пайыз. Биылғы жылы облыстық маңызы бар «КХ-82» «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Тасарық-Шымкент» автомобиль жолы орта жөндеуден өтуде. Тасарық елді мекеніндегі орталық көше бойына аяқ жол салынуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 4,95 шақырымды құрайтын 4 ішкі көшені орта жөндеуге өткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ханарық елді мекеніндегі көпірдің жобасын қайта әзірлеуге жобалау-іздестіру жасалды. Округ аумағындағы табиғи газ тұтынушылар саны 775 үй, ГРПШ саны 551 дана. Ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапқан. 2022 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Оңтүстік елді мекенінің Саңлақ, Ақмола көшелерінің 3,5 шақырымына электр желілері тартытылып, 127 дана бағана орнатылды. Ханарық елді мекенінің А.Новои, С.Рахимов, Мәуелі көшелерінің 2,57 шақырымына түнгі жарық орнату үшін сметалық құжаттары әзірленуде. Тасарық елді мекеніндегі М.Әуезов, Т.Тоғысбаев көшелері, Ханарық елді мекеніндегі А.Новои, Мәуелі, С.Рахимов көшелері, Оңтүстік елді мекеніндегі Саңлақ, Ақмола көшелері, Жамбыл елді мекеніндегі Береке, Итемір әулие, Беласар, Алатау, Асар көшелерінің электр жүйелерін жаңарту үшін сметалық құжаттары дайындалуда. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, заң шеңберінде жауаптар берілді.