Кооператив асыл тұқымды бұқалардың санын көбейтуде Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында бүгінде ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамып келеді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі Бәйдібек ауданы бойынша 93 мың гектардан астам болса, облыс көлемінде 823 мың гектар аумаққа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Бүгінгі таңға 127,4 мың га масақты дақылдар жиналып, 19,8 центнерден 252,5 мың тонна астық жиналған. Нұра елді мекеніндегі «Салюрбей Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестік мақта егуді қолға алған. Жобаға сай ақ алтыннан гектарына 40 центнер өнім алып отыр. Бүгінде жалпы 250 гектарға егілген мақтадан мол түсім алды. Арнайы қазылған ұңғыма арқылы суарылуда. Онда 10 адам еңбек етеді. Ақбастау ауылдық округі «Қозыке» өндірістік кооперативіне 1992 жылы құрылған. Кооператив асыл тұқымды бұқалардың санын көбейтуде. Ал баптап отырған сиырларының саны бүгінде 250-ге жеткен. Сондай-ақ, кооперативтің егістік алқабында мақта, жоңышқа, күздік бидай егілген. Мұнда 18 адам тұрақты жұмыс істейді. Өндірістік кооператив қажетті техникаларын да түгендеп алған. Боралдай ауылдық округі, Талап елді мекеніндегі «Tau Alma Bak» ЖШС-не де Интенсивті алма бауы 45 га жерге орналасқан. Алқапта шабдалы мен алхоры жеміс талдары егілген. Жыл сайын бәйдібектік шаруалар мол түсім алады.