Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүзеге асырылуда. Әлеуеті зор ауданда ірі кәсіпорындар қатары жетерлік. Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбаев “Қазақ-Түрік индустриялды аймағында» орналасқан «Green Technology industries» өндіріс орнының жұмысымен танысты. Аталған зауытта полиэтилен бұйымдарын қайта өңделеді, синтепон талшығын өндіріледі. Жылына 15 000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Құрылтайшылар — қытайлық инвесторлар (49%). Инвестициялық құны – 6 млрд. 800 млн.теңге. Зауытта 250 адам жұмыспен қамтылған. Өнім ішкі нарықтан бөлек Ресейге экспортталады. Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олар өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру, электр энергиясымен жабдықтау салаларын қамтыған. Жыл басынан бері онда 21 млрд. 189 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 105,1 млрд.теңге болатын 6 жоба іске асырылуда және 1 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. 9 айдың ішінде ауданға 26 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылған. Ордаабсы ауданында 12 мың 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылдың 9 айында инвестициялық құны 2 млрд.254 млн.теңгені құраған және 82 жаңа жұмыс орнын ашқан 21 жоба (сауда орталығы, дәріхана, емдеу орталығы, тамақтану орны, май ауыстыру бекеті, жылыжай, жаңбырлатып суғару, мал бордақылау алаңы және т.б.) іске асты. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 2022 жылдың 1-тоқсанында 13,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Жылдық жоспар – 105 млрд.теңгенің өнімін өндіру.