Мемлекеттік қолдау, маркетинг мәселелері бойынша тегін қызмет ұсынбақ Түркістан облысында бүгінде жұмыссыздықты азайту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Еңбекқор, іске икемі бар азаматтар аталған бағыттағы жобаларға қатысып, ісін ілгерілетуде. Жуырда өңірде «Ісмер ана» жобасы бастау алған болатын. Мақсаты- жұмыссыз аналарға қолдау көрсету, оларды жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру болып табылады. Жұмыс күшін әсіресе нәзік жандылар арасында азайтуға сеп болатын жобаның алғашқы қатысушыларына арнайы сертификат табысталды. Аталмыш жоба өткен жылдың қараша айынан бастап, бүгінгі күнге дейін өз жұмысының жемісін нәтижелі атқарып келеді. Қаншама жұмыссыз аналарға кәсіп ашуға, білім беру арқылы орасан мүмкіндіктер беріп отыр. Арасында кәсіпті үйреніп, тіккен киімдері мен жасаған бұйымдарын сатылымға шығарып жатқандар да бар. «Ісмер ана» жобасының алғашқы қатысушыларының бастамаларын қолдау мақсатында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Нақыпбеков арнайы келді. Ол жаңа кәсіпкерлердің кәсіптерінің дамуына сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметке ақысыз сервистік қолдау бойынша сүйемелдейтінін жеткізді. Нақтырақ айтсақ, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікке жаңа қадам басып келген ханымдарға бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге қолдау көрсетеді. Заң мәселелері және конкурстық рәсімдер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау, маркетинг мәселелері бойынша да тегін қызмет ұсынбақ.