Экономика Онлайн шоппинг кезінде қауіп-қатерден сақтану қажетттігін түсіндірді Редактор 22.10.2022 4552 1 оқу мин Онлайн шоппинг кезінде қауіп-қатерден сақтану қажетттігін түсіндірді Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне келіп түсетін шағымдардың ішіндегі ең жиі кездесетіні — Интернет арқылы сатып алу кезіндегі алдау. Өкінішке қарай алаяқтар көбейіп барады, ал біздің азаматтарымыз әр кез қырағылық пен мұқияттылық таныта бермейді. Сондықтан да департамент мамандары тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы, БАҚ арқылы түрлі түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тауар туралы, сонымен қатар кепілдік мерзімі мен жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты әрдайым мұқият оқыңыз. Сіздің сатушыдан сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны талап етуге құқығыңыз бар. Сәйкестігі міндетті түрде расталуы қажет импорттық тауарға қатысты да осы ереже қолданылады. Сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етіңіз. Өйткені оны қайтарған жағдайда ол басты дәлел болады. Қазір барлық дерлік онлайн алаңда пікірлермен танысу мүмкіндігі бар. Бұл қызметті міндетті түрде пайдаланыңыз да тауарлар, сондай-ақ сатушы туралы пікірлерді оқыңыз. Тек сенімді алаңдарды ғана пайдаланыңыз, күмәнді интернет-ресурстардан аулақ болыңыз. Егер сайтта сатушының байланыс деректері мен тауарды айырбастау/қайтару талаптары туралы ақпарат болмаса, бұл сіз үшін қауіп-қатердің белгісі болуы тиіс. Тауарды алған және ашқан кезде фото- және (немесе) бейнетіркеу жасаңыз, өйткені қандай да бір жағдайда бұл сіздің құқықтарыңызды бұзу фактісінің дәлелі болады. Бейтаныс біреуге ақша аудармаңыз және өзіңіз туралы деректерді жөнелтпеңіз. Егер сіз тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактісіне тап болсаңыз, міндетті түрде сатушыға жазбаша шағым жасаңыз, уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгініңіз. Сонымен қатар сіз өз шағымыңызды https://e-tutynushy.kz бірыңғай платформасында немесе @kzpp_bot телеграмм ботымызда қалдыра алатыныңызды ұмытпаңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 3874 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 11393 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 68778