Қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастағандар қатары көбейіп келеді Бүгінде мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар, арнайы жобалар қарастырылған. Қайтарымсыз грант алып, бүгінде кәсібін шырқ үйіріп отырғандар да бар. Жеке кәсібін бастағандар өздеріне пайда тауып қана емес, қазына қазанын да қомпайтып отыр. Бүгінде қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастаған түлкібастықтардың қатары көбейіп келеді. Биыл Түлкібас ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 173 азамат жұмыспен қамтылады деп көзделіп отыр. Қазіргі таңда 11 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін бастап кеткен. Оның ішінде ауыл шаруашылығы да, жеіл өнеркәсіп те бар. Осы бағдарлама бойынша былтыр 150-ге жуық жұмыссыз азамат мемлекеттің қолдауына ие болып, өз кәсіптерін ашқан. Олардың ішінде 57 грант асыл тұқымды мал өсіруге, қалғаны тоқыма, құс шаруашылығына, тігін және кондитер өнімдерін өндіруге, ағаш бұйымдарын жасап, құлпынай өсіруге бөлінген. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың арқасында жеке кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді.