Ерекше сүт өнімін тұтынатындар қатары артып келеді Бүгінде ерекше кәсіп түрімен айналысатындардың қатары артып келеді. Бұрын сек сек ата тұқымы ешкі малына ешкім мән бермейтін. Сүтін де, етін де менсініңкіремейтіндер көп еді. Бүгінде аталған мал түрінің сүті ағзаға өте пайдалы, ал еті де сүтінен кем емес пайдалы екендігі белгілі болды. Тіпті ешкі сүті ана сүтін алмастыруға болады дейді мамандар. Сондықтан да ешкінің сүті мен етіне сұраныс артып отыр. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы отбасылық ата кәсіппен айналысып, табиғи тыңайтқыштарды жасаумен айналысатын «Білал ата» шаруа қожалығының иелері дәл осы кәсіп түрінің ауқымын кеңейтуде. Осы шаруашылықтың мүшесі Гүлмира Сауленбаева бүгінде сүт өнімдерін өндіретін кәсіпті де қолға алып, оның пайдасын көріп отыр. Оның ішінде залинский тұқымды ешкінің сүтін сауып, құрт- май, айран ірімшік жасап, сатуда. Тұтынушылар қатары да күн санап артып келеді. Әсіресе майлы сүті мен айранын сұраушылар көп. Ал құртының дәмі тіптен ерекше. Май да дәмі тіл үйірерлік. Бәрі табиғи өнім болған соң тұтынушылар қатары артып келеді. Ешкінің сүтін емге ішетіндер де бар. Арнайы келіп өздері алып кетеді. Әсіресе балаларына табиғи қоспа тағам беретіндер оның орнын ешкі сүтімен алмастыруда. Сиыр да сауып, оның өнімдерін саудаға шығарады. Ешкі сүті емдік қасиеті мол, дәрумендерге бай сусын, ағзаға құнарлы тағам. «Ешкі сүті өте пайдалы. Әсіресе, жаңа туылған нәрестелерге үлкен қарияларымызға емдік сусын ретінде көп пайдаланады» дейді кәсіпкер. Ешкі сүті өнімдерін күнделікті тапсырыс бойынша тұтынушыға жеткізіп береді. Өздері келіп алып кететіндер де бар. Сұраныс күннен күнге артып келеді.