Экономика Бірыңғай есеп беру күні өткізілді Редактор 25.10.2022 17545 1 оқу мин Бірыңғай есеп беру күні өткізілді Түркістан облысы бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілері алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен 2019 жылғы 24 мамырдағы Отандық инвесторлар Кеңесінде әрбір өңірде бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасын өткізу тапсырылған болатын. Осыған байланысты, Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығы қабылданған. Қағидаға сәйкес Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізілуде. Түркістан облысының кәсіпкерлік басқармасы мен Түркістан облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыстық Прокуратура, Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен облысымыздағы кәсіпкерлер қатысты. Кәсіпкерлердің құқықтары қорғау мәселесі де кеңінен талқыланды. Бақылау қадағалау органдары, бақылау-қадағалау саласындағы атқарылған жұмыстары, осы саладағы заңнама жаңалықтары мен өзгерістері туралы баяндады. Сонымен қатар, іс-шара барысында Бизнесті қорғау Экожүйесі негізінде бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша талқыланып, бір шама түйінді мәселелер көтеріліп, тиісті органдарға тапсырылды. Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларына сәйкес жыл сайын бақылау және қадағалау органдарымен есеп берулері өз жалғасын табады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 51619 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 162835 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 178884