Экономика Жекеменшік 13 мектеп салынуда Редактор 27.10.2022 9728 1 оқу мин Бүгінде Түркістан облысында кәсіпкерлер мектеп салуға бет бұра бастады. Балаларға рухани азық беретін білім бесіктерінің қатары көбейіп келеді. Олыс экономикасына қомақты үлес қосып отырған кәсіпкерлердің игілікті іске бет бұрғаны қуантады. Биыл Түркістан облысында облыстық бюджет есебінен жаңа 22 мектептің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде жекеменшік 13 мектеп бар. Қазіргі таңда 6 мектеп толық аяқталған. Ал қалған 16 мектеп жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Республика күні мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауылында 150 оқушыға арналған жекеменшік мектеп, Сарыағаш қаласында 900 балаға, ал Сайрам ауданында 1 200 орынға лайықталған жекеменшік мектеп ашылды. Сондай-ақ, Сайрамдағы Қарабұлақ ауылында 400 орындық мектеп, Түркістанда 500 орындық дарынды балаларға арналған білім ордасы және 250 бүлдіршінге арналған балабақша ел игілігіне тапсырылған болатын. Айта кетсек, Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2025 жылға дейін жаңа 199 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15517 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36568 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49194