Экономика Қазына қазанын қомақтандырып отыр Редактор 27.10.2022 8225 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының Бүгін әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліс күн тәртібінде -ауданның бюджет қаржысының орындалуы, Жайылым жерлерді қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы, ауылдық округтердегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай күйі және сайлауға байланысты көрнекі құралдарының іліну барысы туралы баяндамалар тыңдалды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева аудандағы салық түсіміне тоқталып, жыл соңына дейін бюджет қаржысының толығымен игерілетінін айтты. Салық түсімдерінің басым бөлігі кәсіпкерлерден түсіп отыр. Ордабасы ауданында ірі кәсіпорындар, жылыжайлар, құс фермалары орналасқан. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған өндіріс орындары, өнім өніріп, әрі қазына қазанын қомақтандыруға да көмек қолын созуда. Аудандағы күрделі мәселенің бірі -жайылымдық жер. Аталған мәселе бойынша елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары әзірленіп, әр айға жоспар кестесі бекітілген. Бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан жер иелерімен меморандумға тұру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы кейбір ауыл әкімдері тарапынан халықпен түсіндірме жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын тілге тиек етіп, оларға заңға сәйкес шара көрілетіндігін ескертті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15517 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36568 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49194