Экономика Кәсіпкер спорт кешенін сыйға тартты Редактор 27.10.2022 6894 Түркістан облысының кәсіпкерлері соңғы әлетте игілікті істерге мұрынық болып жүр. Бірі білім ошақтарын салып берсе, енді бірі спортт кешендерін сыйға тартуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында ашық аспан астында тұңғыш рет «Мырзакент» садақ ату кешені ашылды. Мұнда балалар мен ересектер ұлттық спорт түрімен еркін айналыса алады. Қ.Мұңайтпасов орталық стдаион аумағында орналасқан нысанның ашылуына аудан басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагер ақсақалдар мен тұрғындар қатысты. Дәстүрді жаңғыртып, рухты оятып, мақтааралдықтарға садақ атуды үйрететін кешенді ашуға қожалық төрағасы, жеке кәсіпкер Жанболат Жақсылықұлы демеушілік көрсетті. Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов барша тұрғындарды жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады. Айта кетейік, садақ ату – мергендікті сынайтын спорт түрі. 1900 жылдан бастап жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. Шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол – осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемнің 140 елінде спортшылар айналысады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15517 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36568 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49194