Туризм саласы экономиканың драйвері Туризм саласын экономиканың драйверіне айналдыру мәселесі бұрыннан да айтылып келеді. Облыс орталығы Түркістанға алыс та жақын шетелдерден туристер ағылып келіп жатады. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан да киелі қаланы көруге құмбылдардың қатары қалың. Жуырда Түркістан Түркістан облысының орталығында «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум өтті. «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасы екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристтер ағынын арттыруға бағыттылған. Өз кезегінде, аталған жоба екі елдің сонымен қатар, шекара маңындағы өңірлердің экономикалық дамуына оң серпін береді. Жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі пысықтау үшін жуырда Қазақстан мен Өзбекстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, ТМҰ хатшылығының қатысуымен онлайн кеңес өткізілген болатын. Кең ауқымда өткен жиында туризмді дамыту мәселесі кеңінен талқыланды. Өз кезегінде, Кеңес қорытындысы бойынша «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум» шеңберінде жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі талқылау туралы шешім қабылданды. Келісімге сәйкес пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың қатысуымен форум а ұйымдастырылған болатын. Айта кетейік, туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы Әзірбайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 7-ші отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша ТМҰ хатшылығының, Қазақстан мен Өзбекстан делегацияларының қатысуымен «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын әзірлеу бойынша үшжақты кездесу өткізу келісілді. Форумға ТМҰ-ның өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы, кеден қызметі, шекера қызметі, ішік істер қызметі мен туристік қауымдастық өкілдері, бизнес өкілдері қатысты. Мұндай алқалы жиындардың берер нәтижесі де жоғары. Туризм дамыса экономикаға кріс әкеледі. Одан басқа да табыс түсіретін пайдалы тұстары көп.