Экономика Отандық өнім өндірушілер қатары артып келеді Редактор 28.10.2022 14846 1 оқу мин Отандық өнім өндірушілер қатары артып келеді Отандық өнімдердің қатарын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Ине мен түймені де өзімізде өндіру ең басты мақсат болып отыр. Кәсіптің көзін тапқан күнгейлік кәсіпкерлер қамшы салдырмайды. Асығыс шақта не болмаса қонақ келгенде жылдам шәй қайнататын құрылғы қай қай үйіңізге де керек-ақ. Бағасы қымбат электрлі шетелдік шәйнектер базарда самсап тұр. Оның орнына өзіміздің отандық өнімді тұтынатын күн де келді. Бүгінде Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығы шығарыла бастады. «Bah_Asmar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты өндіріс орны күніне 600-700 дана электрлі-шәйнек шығарады. Одан бөлек 10 000 дана еден сүрткіш құрастырады. Екіә өнімге де нарықта зор сұраныс бар. Отандық өнім сөреде шаң басып қалады деген қорқыныш жоқ. Сапасы жоғары өнім әлден-ақ сұраныс арттырып отыр. Серіктестік басшысы 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі жұмыссыздық мәселесін шешіп отыр. Ауылдағы ағайын екі қолға бір күрек табылғанына қуанулы. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізуді жоспарлап отыр. Егер аталмыш жоспар жүзеге асса, қосымша жұмыс орындары да ашылмақ. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалының директоры Абылай Мұсабеков өңірде отандық өнім шығару қолға алынып және кәсіпкерлердің саны күн санап артып жатқанын», — атап өтті. Шекаралас аумақта орналасқан Сарыағаш халқы еңбексүйгіш, жоқтан бар жасап, кәсіптің көзін тауып отыр. Алдағы уақытта отандық өнім шығаратын басқа да зауыттар осы аумақта ашылса таң қалмаймыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15517 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36568 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49194