Экономика Төлеби ауданының өнеркәсібі өрістеп өркендеуде Редактор 28.10.2022 6588 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының өнеркәсібі өрістеп өркендеуде. Таулы аудан өнеркәсібінің негізгі бағыты жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Бұл бағыттағы аудан потенциалы өте мол. Азық-түлік өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі жыл сайын өсіп келеді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың басынан бері 95 млрд. 520 млн. теңгені құрып 2021 жылмен салыстырғанда өсім 3,5 пайызға немесе 3 миллиард 256 миллион теңгеге артты. Бюджеттің кіріс бөлігі: жоспар 116,0 пайызға немесе 275,3 млн.теңгеге жоспардан артық орындалған Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8121, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны — 7882 субъекті яғни, 97 пайыз. Жұмыспен қамтылғандар саны — 16 699 адам, 101,3 пайыз. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгенің несиесі берілді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша ауданнан 38 жоба қатысып, оның ішінен іріктеуден жалпы 10,0 млн теңгеге 2 жоба өтті. Жобалар жылдың соңына дейін «Даму» қоры арқылы қаржыландырылады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 259345 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 281215 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 287533