Экономика Кәсіпкерге қолдау білдіруде Редактор 29.10.2022 5907 1 оқу мин Бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасына бизнес-жоспарды әзірлеу мақсатында кеңес алуға жеке кәсіпкер Сабурова Диляра келді. Бизнес-жоспарды әзірлеумен қатар Даму Қорынан субсидиялар алу несие алу шарттары туралы ақпарат берілді. Естеріңізге сала кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры/Қор) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.04.1997 ж. № 665 қаулысына сәйкес құрылған болатын. 2001 жылға дейін Қор Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкінің кредиттік желілері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатының пайдаланылуын есепке алу және бақылау жөніндегі агент функцияларын орындады. 2002 жылдан бастап Қор шағын бизнесті тікелей өз қаражатынан кредиттей бастады. «Даму» Қоры «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне республикалық бюджет қаражатынан кредит беру бағдарламасын» және «Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырды. 2005 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҚР-да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Осы бағдарламаға сәйкес 2005-2007 жылдар ішінде Қор шағын кәсіпкерлікті (бұдан әрі — ШК) қолдауды жобалық қаржыландыру және лизинг бағдарламаларын, Қазақстанда микрокредит беру жүйесін дамыту бағдарламаларын, екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі — ЕДБ) алынатын ШК субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырды. 2006 жылғы қыркүйектен бастап «Даму» Қоры «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ акционерлік холдингінің құрамында жұмыс істейді. Субсидиялар бойынша несие алу шарттары, кепілдік мөлшері 85 пайыздан аспайды. Максималды сома 1 млрд. теңгеге дейін. Мақсаты – инвестиция, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Сабурова Диляра бизнес жоспар бойынша қызметін алып қужат тапсыруда. Маркетинг қызметі бойынша кеңесші менеждері Жұлдызай Сейфуллақызы кәсіпкерге барынша қолдау білдіріп, құжаттарын құнттауда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 258955 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 280888 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 287154