Ұлттық қор есебінен Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 99,5 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Республикалық бюджет есебінен Тағайна елді мекенінің 11 көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуға 120 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі. Облыстық бюджет есебінен Кемеқалған ауылдық окургіндегі Қаратөбе елді мекенінің 3 көшесіне және Ленгір қаласы Қазығұрт мөлтек ауданына 10/0,4 кв электр жүйелері мен трансформатор орнатуға 20 млн теңге қаржы қарастырылды. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданы және Киелітас шекарасындағы жаңа массив көшелеріне трансформатор орнату мен электр жүйелерінің құрылысына 33,4 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ленгір қаласындағы «Алатау» ықшам ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясын салу үшін алғашқы жұмыстарын бастауға 50,0 млн теңге қаралған, қазіргі таңда мердігер анықталуда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. «Оңтүстік Жарық Транзит» АҚ Төлеби аудандық бөлімінің инвестициялық бағдарламасы бойынша 7 елді мекендегі 29,9 шақырым электр желісі жаңартылуда. Сонымен қатар, 4 трансформатор орнатылуда. 2022 жылға Ленгір қаласы мен 13 елді мекенге 38,2 шақырым түнгі жарық орнатуға 105 млн теңге қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан көлемінде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1084,0 шақырымды құрайды. Оның ішінде: -облыстық маңызы бар жолдар-259,84 шқ, қанағатты–88,7 %; -аудандық маңызы бар жолдар-144,05 шқ, қанағатты–89,2 %; -елді мекеннің ішкі көшелері–680,1 шқ, қанағатты–74,9 %. 2022 жылы аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,9 шқ құрайтын 20 көше (20 нысан) орта жөндеуден өтуде. Оның ішінде 11 нысан 2021 жылдан өтпелі, 9 нысан жаңа. 2022 жылы облыстық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 20,7 шқ құрайтын 2 аудандық маңызы бар жолдарға және 13 көшеге (13 нысан) 293,9 млн теңге қаржы қарастырылып, орта жөндеуден өтуде. Таулы аймақ Төлеби ауданы шаруасы шалқыған төрт түлігі төскейде жусап, дархан дала төрінде егіні жайқалып, көшелері гүлмен көмкеріліп көркіне көрік қоса түскен өңір. Ауданымыздың тыныс-тіршілігіне зер салсаң қайнаған тірлік, маңдайдан тамған еңбекті көресің. Ауданымыздың көркейе түсуіне өзіндік сән беретін ол, әрине оның көшелері. «Ауыл Ел-бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 5,8 шқ. құрайтын 2 ішкі көшені (Қасқау е/м Көктөбе көшесі, Қаратөбе е/м Абдулла көшесі) орта жөндеуден өткізуге 60,3 млн теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жалпы ұзындығы 33,3 шқ құрайтын 4 облыстық маңызы бар орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде: 2022 жылы облыстық маңызы бар 230,7 шқ жолдың қанағаттарлық жағдайы-93,2-ден 96,1% жетеді; -аудандық маңызы бар жолдар-144,05 шқ, қанағаттарлық жағдайы-89,2 ден 90,3% жетеді; -елді мекендердің ішкі көшелері-680,1 шқ, қанағаттанарлық жағдайы-73-тен 80,1% жетеді. 2022 жылға 2 елді мекенде 5,8 шақырым аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде.