Экономика Қызылшаға сұраныс көп Редактор 30.10.2022 25379 1 оқу мин Қызылшаның адам ағзасына пайдасы өте көп. Ғалымдар қызылша шырынының қан тамырларды кеңейтіп, қан тарауын күшейтетінін дәлелдеген. Қою қызыл көкөністер тағамдарыңыздың сәнін келтіріп қана қоймай, пайдалылығын арттыра түседі. Себебі қызылша – өте пайдалы көкөніс. Қызылшаны сүйіп жейтін адамдардың шашы жылдам өсіп, қалыңдап, жылтырай түседі. Оған қызылша қабығының астында көп мөлшерде кездесетін В дәрумені ықпал етеді. Бүгінде осындай түрлі дәрумендерге бай болған өнімді өсіруді Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы тұрғындарыда аса қызығушылықпен қолға алған. Солардық бірі Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Уразалиев Азимжон. Жас кәсіпкер Азимжон 2 гектар жерге «GAVRISH RОSSISKI» сортын егіп жетілдірді. Бұл аса пайдалы өнімге сұраныс өте көп. Шаруаның жәйін жақсы білетін дихан бір жерден екі рет өнім алып отыр. Осы жерге алғашқы егілген өнімі қырыққабат болатын. Қызылша қияр, қырыққабат, картоп өскен топырақта жақсы өседі. Қызылшаның ересек өсімдігі біршама суықты көтереді. Биылғы күн райы да шаруаларға қолай¬лы. Күз мезгілінде жауын-шашын да аз болып, табиғаттың өзі оларға қара¬сып тұрғандай. Бүгінде тәтті түбір өн¬ді¬ру¬¬шілерге облыс тарапынан да қо묬дау аз емес. Облыс¬та қант қызылшасының аумағы жыл өт¬кен сайын ұлғайып келеді. Соның арқасында шаруалар қант қы¬зыл¬шасының тұқымын ешбір делдалсыз, бастапқы бағасымен сатып алатын болады. Күз мезгілінің де жуан ортасынан ауып тәтті түбірдің жиналу нау¬қаны аяқталуға таяу. Өткен жылмен салыс¬тырғанда өңірде қант қызыл¬шасын егу қарқын алып келеді. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер қызылша егістігінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15319 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36455 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49069