Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, Түлкібас аудандық филиалы тарапынан бүгінде ісін бастаймын деген кәсіпкерлерге барынша көмек қолын созып келеді. Мұнда ауданның кәсіпкерлеріне немесе кәсіппен айналыссам деген азаматтарға арналған тегін қызметтер көрсетіледі Дүйсенова Халида Уалиханқызы– Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Бастау жобасының түлегі жеке кәсіпкер. Түлкібас аудандық ӨКП-на келіп, Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау бөлімі кеңесшілерінен кеңес алып, «Түркістан-Атамекен» МҚҰ- ның несие талаптарына сәйкес, жедел түрде құжаттар тізбесін және бизнес жобасын дайындауға ықпал жасады. Айта кетейік, палата қызметкері, мемлекеттік бағдарлама аясында, несие алу үшін, кепілге ұсынылған жылжымайтын мүлкінің құқық белгілейтін құжаттарын несие алуға сәйкестігін тексеріп және egov.kz, cabinet.salyk.kz электронды Үкімет порталынан қажетті анықтамаларын алуға, атап айтқанда (аресте тар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама, мекен-жай тіркелімі, меншік иесі туралы анықтама, соттылығының жоқтығы немесе бар туралы анықтама) тағыда басқа толық тізім бойынша құжаттарын жинауға көмектесті. Нәтижесінде аталған қаржы ұйымынан мал басын көбейту мақсатында төмен пайызда 4,750 млн теңге несие алды. Жеке кәсіпкер, Палата басшылығына және қызметкерлеріне алғысы шексіз. Бүгінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектің арқасында тірлігін дөңгелетіп отыр. Алдағы уақытта мал басын бұдан да арттырсам деген жоспары бар.