Экономика Ерекше орталық ашып, балаларды қуанышқа бөледі Редактор 30.10.2022 10021 1 оқу мин Инновациялық грант дегеніміз – жаңадан Америка ашу емес. Ол өзінің тұрғылықты жерінде жоқ кәсіп түрін ашу болып табылатындығын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының — мемлекеттік грантты тағайындау, яғни экономиканың басым секторларында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде бөлінеді. Осы орайда, былтыр Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының грант иегері Нармұратова Ақ-мейір Азретқұлқызы өзінің «Балаларды ойын сауықпен дамыту орталығы» деп аталатын жобасы – 5 000 000 теңге жеңіске алып келген болатын. Жобаның мақсаты – Балаларды ойнатып қана қоймай балаларды ойын арқылы жадыны дамытуға арналған болып табылады. Өзінің жобасында Нармұратова Ақ-мейір Азретқұлқызы ханым 2-3 жұмыссыз санатындағы адамдарды тұрақты жұмысқа қабылдап, жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың балаларына көп жеңілдіктер жасауды көздеп отырған болатын. Енді бүгін сол жоба іске асырылды. «Атамекен» ҰКП-ның Түркістан облысы, Шардара аудандық филиалы сүйемелдеуімен жасалған жоба іске қосылды. Бүгінде орталыққа келушілердің қатары күн санапп көбейіп келеді. Балаларды қуанышқа бөлейтін орталық алдағы уақытта жұмыскерлер санын да көбейтпек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 51619 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 162835 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 178884