Экономика Жанар-жағармайға мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді Редактор 30.10.2022 11588 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында кдала жұмыстарына Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай өз деңгейінде тасымалдануда. Шардара ауданына 2022 жылы күзгі дала жұмыстары үшін жанар- жағармайды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге жеткізіп беру үшін Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Майсс» ЖШС және «КазРосНефть» ЖШС жеткізуші операторы болып, айқындалып бекітілген. Шардара ауданына 2022 жылы күзгі дала жұмыстары үшін шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларына барлығы: 4030 тонна жанар- жағармай бөлініп, ауданға тиісті деңгейінде тасымалдануда. Бұған өз кезегінде кәсіпкерлер қуанулы. Күздің әрі күні жылға азық. Дер кезінде жиналып адынған өнім облыс экономикасын өркендетуге қосылған үлес болып саналады. Ауданда шаруаларға бөлінген жанар-жағармайдың өз деңгейінде жеткізілуі бойынша құрылған мобилді топ мүшелері ауылдық округтерде бекітілген операторлармен бірге тасымалданып жатқан жанар-жағармайға мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Шілде, қыркүйек, тамыз, қазан айларына бөлінген жанар-жағар майдың бекітілген операторлар тарапынан ауданға бүгінге дейін 3072,5 тоннасы тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан жанар-жағар май тапшылығы және басқа да мәселелер жөнінде шағым түспеген. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауға алынған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15319 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36455 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49069