Экономика Мақта зауыттарының өкілдерін диқандармен тікелей кездестірді Редактор 30.10.2022 7669 1 оқу мин Ала жаздай кетпенін күнге сүйдіріп, бел жазбай еңбек еткен шаруалардың өндірген өнімінің жемісін көретін уақыты туды. Ақ алтын мекені саналатын Шардарада бүгінде мақта бағасына қатысты мәселенің түйінін тарқату қажеттігі туындап отыр. Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы Алатау батыр ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары А.Таженов, AISISI ЖШС,AIIG ЖШС, МЫРЗАКЕНТ ЖШС мақта зауыттарының ресми өкілдері мен шаруалар мақта бағасының мәселесі бойынша жиын өткізді. А.Таженов мақта зауыттарының өкілдерін диқандармен тікелей кездестіріп, ақ алтынның бағасын талқылады. Жиын барысында зауыт өкілдері диқандарға қазіргі таңда 250 теңгеден аванс беріп жатқандарын айтып, нақты бағаны нарықтағы мақта бағасының мөлшеріне қарай қоятынын алға тартып, бағаны әлемдік нарықтағы сұраныс шешетіндін жеткізді. Оған қоса, зауыт өкілдері алдағы уақытта мақта бағасының қазіргі аванстық бағадан неше есе көтерілетіндігі белгісіз деді. Ал кездесуге арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Таженов еліміздегі мемлекет тарапынан мақта бағасын тиімді тұрақтандыру бойынша жұмыстар жасалынып жатқанын атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15319 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36455 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49069