Экономика Өндіріс өркендеп келеді Редактор 31.10.2022 11691 1 оқу мин Өндіріс өркендеп келеді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жасаған сапары барысында ауданның экономикалық көрсеткіштерімен танысты. Айта кетсек, бүгінде Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 8 мыңға жуықтаған. Ал шағын және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан бері жеке азаматтарға 3 млрд. 921 млн теңгенің несиесі беріліпті. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іріктеуден 2 жоба өткен. Енді бұл бизнес жоспарлар жыл соңына дейін «Даму» қоры арқылы қаржыландырылып, іске асады. Өңір басшысы іс-сапар барысында балмұздақ цехының жұмысымен танысты. Аудандағы ірі өндіріс орнының өніміне сұраныс көп. Леңгірдің тәтті балмұздағы дүкендерге көп тұрақтамайды. Мамандардың сөзінше жуырда өндіріс орнына су жаңа австриялық құрал – жабдық орнатылмақ. Кәсіпорында тек қана балмұздақ қана емес, шоколад, тұшпара өнімдері де шығарылады. Сондай-ақ өңір басшысының назарына ауданда өндірілетін өзге де отандық өнім көрмесі де ұсынылды. Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан балмұздақ цехы 1998 жылы іске қосылған. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна тұшпара, жарты миллион тоннадан астам шоколад өнімін өндіреді. Әрине қыстың күндері балмұздаққа сұраныс азайған кезде тәтті мен түшпара өндірісін өкіртеді. Өндіріс ошағында өндірілген шоколадтардың дәмі тіл үйіреді. Алғаш шығарылған күнінен ақ сұранысы артқан болатын. Дүкендерге көптеп түсіп, сатылымның саудасын қыздырған еді. Сұраныстың көбейгені соншалықты бүгінде бұл шоколадтарды дүкеннен таппайсыз. Кәсіпорында 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал келер жылы өндіріс орны су жаңа австриялық құрал – жабдықпен қамтылады. Нәтижесінде шығарылатын өнім көлемі артады. Сондай-ақ төлебиліктер ауданда өндірілетін тауар көрмесін де ұйымдастырды. Облыс әкімі шара барысында азық-түліктен бастап, аяқ киім және өзгеде өнімдермен танысып, кәсіпкерлермен тілдесті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15171 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36252 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 48846