Экономика Тәжірибелі мамандардың қолынан шыққан дүние де сапалы Редактор 31.10.2022 9612 1 оқу мин Тәжірибелі мамандардың қолынан шыққан дүние де сапалы Бүгінде теңіз асып, тау асып әкелінетін жиһаздар дүкендерде самсап тұр. Бірі бірінен өтеді. Классика дейсіз бе, модерн стиліндегісін іздейсіз бе бәрін де табуға болады. Бірақ бағасы аспанға ақырып тұр. Одан да өзіміздің жергілікті жерде жасалынған жиһаздардың шетелдік өнімнен еш кемдік жері жоқ. Қайта артық болмаса. Әрі әсем, әрі бағасы да арзандау. Түркістан қаласы Сауран ауданы, Иассы ауылдық округінде «Sem Brand» жиһаз цехы бүгінде сапалы жиһаз шығарумен атағы алысқа кетіп тұр. Өндірістік цехтың аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 80 мың орындық, 15 мың үстел шығаруға қауқарлы. Бүгінде мұнда жүзден астам адам жұмыс істейді. Мамандардың біліктілігін арттыруды да естен шығармаған. Жаңа заманауи технологиямен жұмыс істей алатын жастар көп. Тәжірибелі мамандардың қолынан шыққан дүние де сапалы. Бабыр Шереханұлы, цех директоры: «Заман ағымына ілесіп отыру керек. Биыл қандай жиһаз түрі сәнде, соның бәрін зерделеп қарап отырамыз. Біз шетелдегі көрмелерге жиі барамыз. Мамандарымызды тәжірибе алмасуға шетелдегі түрлі ірі кәсіпорындарға жібереміз. Мамандарымыздың шеберлігі өнімдеріміздің сапалы болуы үшін өте маңызды. Қазіргі таңда өнімдерді еліміздің көптеген қалаларымен қоса Қырғызстанға да экспортқа шығарып жатырмыз». «Sem Brand» өзінің брендін қалыптастырып үлгерді. Сапалы жиһаз сатып алған тұтынушылар өзге өнімдеріне де тапсырыс бере бастады. Бүгінде «Sem Brand» жиһаз цехы — Түркия, Қытай және Ресей елдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Шетелдік соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орнында болашақта 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Импорт өнімдердің орнын «Sem Brand»-тің өнімі басатын күн де алыс емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15171 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36252 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 48846