Экономика Өндірістік кооперативтің өрісі кең Редактор 31.10.2022 9826 1 оқу мин Өндірістік кооперативтің өрісі кең Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылдық округінде жұмыссыз сенделіп жүрген жан таппайсыз. Мал шаруашылығын дамытып, жер өңдеп, көк өсіріп тынбай жатқан бір жұрт. Ауылда әсіресе мал бордақылаумен айналысатын кәсіпкерлер көп. Еліміздің біраз бөлігін етпен толық қамтамасыз етіп отырғандар да осы қарамұрттық ағайын. Қарамұрт ауылдық округіндегі өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және отбасылық кәсіпті дамытқан «Мехнат-21» өндірістік кооперативі бүгінде өрісін кеңейтіп отыр. Мұндағы алқаптан жылына 2 рет өнім алынады. Кооперативте қазір жиырма адам жұмыспен қамтылған. Аталған кооперативтің басшысы Тайжанов Абрордың сөзінше, бабын тапсаң жердің өнімді өкірте беретініне сөз жоқ. Шаруашылықтың жер көлемі 5 гектар аумақты құрайды. Биылдыққа бірінші орымда 1000 бумаға жуық жоңышқа алынды. Екінші айналымында сүрлемдік жүгері егіліп, өсірілуде. Алдағы уақытта әр гектарынан 40 тонна көлемінде өнім алынады деп күтілуде. Ағын судан проблема жоқ. Жерді тыңайтып, бабын келтірсе ғана болғаны. Қажетті техника саны да жеткілікті. Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдердің сапасы мен сұранысын, сонымен қатар өнімділікті арттыру бағытында жұмыстарды жалғастырып келеді. Жердің жайын білетін шаруа жыл сайын көктемде және күзде жерді өңдеп, түрлі тыңайтқыштармен тыңайтып отырады. Ал орым кезінде жердің өкпелеткен кезі жоқ. Диханшылыққа арналған мемлекеттік қолдаулар және өзге де көмек түрлерін қағылған кезі және жоқ. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан барлық көмек қолжетімді. Айта кетелік, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар болса, соның ішінде дәндік жүгері 260 гектарды құрайды. Оның ішінде Тайжанов Абрордың да еңбегі орасан. Алдағы жылы биылғыдан да көп мөлшерде өнім жинауды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15257 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36330 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49002