Ауданның экономикалық көрсеткіші жоғарылап келеді Бүгін Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы, ауыл, кент округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселеге орай, аудан әкімі аппаратының басшысы Бакиров Абдуахат, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов хабарлама жасады. Сондай-ақ, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының аудан бөлінісінде нысаналы индикаторлардың декомпозициясы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы мен әлеуметтік азық-түлік тауарлары мен күнделікті тұтыну тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары туралы баяндады. Бүгінде Созақ ауданының экономикалық көрсеткіші жоғарылап келеді. Өндіріс орындарының өнім өндіру көлемі арта түсуде. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта кәсіпкерлік даму үстінде. Қол жеткізілген көрсеткіштер көңіл тоғайтады. Бұдан кейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Тілеубай Жұмабаев бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков мәжілісте айтылған мәселелер бойынша бөлімдер мен мекеме басшыларына және ауылдық округі әкімдеріне тапсырмалар беріп, орындалуы жөнінде тиісті орынбасарлар мен аппарат басшысына қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ бірқатар сала бойынша жіберілген кемшіліктерді сынға алып, жұмысты жүйелеуді жүктеді.