Экономика Өндірісі өркендеген қала… Редактор 02.11.2022 12242 1 оқу мин Өндірісі өркендеген қала… «Қаратаудың тәжі атанған» Кентауда бүгінде ірілі ұсақты өндіріс ошақтары жетерлік. Түркістан облысына қарасты шағын қала жыл жылжыған сайын көркейіп, өркендеп келеді. Көркейген қала тұрғындарының саны да өсіп келеді. Демографиялық дүмпу жасайтын күнгейлікдің арқасында мұнда бүгінде балабақша да, мектеп те көптеп салынуда. Бала басының көбеюіне байланысты. Тұрғындар санының өсуіне индустриаландыру саласы мен өндіріс орындарының дамуы сеп болып отыр. Трансформатор зауыты бүгінде облыс қана емес, еліміздегі ірі кәсіпорындардың біріне айналды. Өндіріс ошағында бір жылда 28 млрд. теңгенің өнімі шығарылады. Сұранысы көп, сапалы өнімнің тең жартысы әлемнің 14 еліне экспортталады. Зауытта 1200-ден астам маман еңбек етеді. Олардың барлығы – қала тұрғындары. Кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп отырады ұдайы. Бұдан бөлек Кентау қаласында ірі кірпіш зауыты толық қуатында жұмыс істеп тұр. Өндіріс ошағы қаладағы арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Маңызды жобаны «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырып отыр. Зауыт айына 3 млн. дана керамикалық кірпіш шығарады. Өндіріс ошағының құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде толық жарақтандырылып, толық қуатында жұмыс істеп тұр. Қажетті құрылғылармен қамтылып, жұмысқа қажетті қондырғылары орнатылған. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылған. Бүгінде облыс орталығына айналған Түркістан қаласында құрылыс алаңы қайнап жатыр. Оған қажетті кірпішпен толық қамтымаса да нарықтың біраз бөлігін жабуға қауқарлы. Тек облыс орталығы ғана емес басқа да аудандарда көпқабатты тұрғын үйлер көптеп тұрғызылуда. Олардың барлығына да құрылыс материалдары қажет. Алдағы жылдары 45 млн. дана кірпіш шығару жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Мұндай өндіріс орындарының ашылуына ең алдымен жергілікті тұрғындар қуанулы. Тұрақты жұмыспен қамтылып, жоғары жалақыға қол жеткізеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15047 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36141 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 48733