Экономика 11 дәрігер тұрақты қызметке орналасқан Редактор 06.11.2022 17003 1 оқу мин 11 дәрігер тұрақты қызметке орналасқан Түркістан облысының кәсіпкерлері бүгінде экономиканы көтеру үшін өнім өндіріп қана қоймай, әлеуметтік саланы көтеруге де күш салуда. Бұрыннан кәсіппен айналысып жүрген іскер азаматтар бүгінде бірі мектеп салып, енді бірі емдеу орталықтарын салып, ел игілігіне тапсыруда. Күні кеше тағы бір тұрғындарға қажетті емдеу мекемесі пайдалануға берілді. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында медициналық әлеуметтік сақтандыру арқылы тегін қызмет көрсететін клиника қызметін бастады. Д.Қонаев көшесінде орналасқан клиниканың ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен зиялы қауым өкілдері, дәрігерлер мен жергілікті тұрғындар және саланың жауапты мамандары қатысты. Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы қызмет көрсететін «IMPULS MED» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күндізгі стационарда 20 пациент қабылдауға қауқарлы. Сол үшін арнайы палаталар төсек орынмен жабдықталған. Мұнда айына 160, ал жылына 1 920 пациенттің тегін емделуге мүмкіншілігі бар. Клиника басшылығы 15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап, қазір 11 дәрігер тұрақты қызметке орналасқан. Жоғары білімді және білікті дәрігерлер тобынан құралған ұжым кардиология, урология, терапевт пен ересектерге арналған ЖТД дәрігері және балаларға тегін консультациялық диагностикалық көмек (қосымша ақылы қызметі де бар) көрсетеді. Мекеме стандарттарға сай заманауи медициналық аппараттармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 14010 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 35339 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 47933