Кәсіпкерлер белсенділік танытты Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шараны қорытындылау мақсатында тұрғындармен кездесу өтті. Аталған шараға кәсіпкерлер белсенді қатысты. Аудан ғана емес, облыс экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып отырған кәсіпкерлер атаулы шарада аса белсенділік танытты. Кездесу барысында ауыл округінің әкімі Е.Дүйсебаев аудан әкімдігі, дербес бөлімдер, ауыл кәсіпкерлері, ауыл тұрғындарының қолдауымен онкүндіктің жоспарына сәйкес жұмыстар өз деңгейінде атқарылғанын таныстырды. Сөзіне қарағанда, бірінші кезекте ауылды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау, сонымен қатар өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға мән берілгенін тілге тиек етті. Ауылдық округіне қарасты 8 елді мекеннің жағдайын жақсарту және халықтың ынтымағын нығайту мақсатында жүргізілген негізгі жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, • «Сарыарық» каналы ауыл тұрғындарының асар жолымен механикалық тазалаудан өтті; • ескіріп тозығы жеткен автобус аялдамалары қалпына келтірілді; • тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Шымкент-Шаян» облыстық маңызы бар автожолының Ошақты және Шіркін ауылдарына қарай баратын жол бойына автобус аялдамасы салынды; • Тоған ауылындағы Қ.Сәтпаев көшесі жарықтандырылды. Ал, Касымбек датқа ауылындағы С.Мұқанов көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде; • Ошақты елді мекеніне электр трансформаторын орнату күтілуде; • ауыл тұрғындарының көмегімен Шіркін ауылына қарасты Жаңақұрылыс аумағындағы ішкі 2 көшеге тас төселді; • Құрлық ауылындағы Қ.Жұмабаев көшесі бойындағы «Ақтай қажы» мешіті жанынан «Батыс Қытай-Батыс Европа» автожолына қарай бағыттағы қашықтығы 750 метр жолға тас төселді; • ауыл жастары және еріктілермен «Көмешбұлақ» өзені бойында «Табиғатты аялайық!» акциясы аясында бұлақ көздерін ашып, тазалау мақсатында сенбілік күні өтті; • жергілікті жерде орнатылған билбордтар мен паннолар жаңартылды; • Сайрам аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміндегі коммуналдық үш тұрғын үйлер айналасын пәтер иелері тазалық жұмыстарына қатысты; • Қасымбек датқа ауылындағы С.Сарманов көшесі бойындағы коммуналдық, арендалық үш тұрғын үйлердің ортақ жылыту қазандығы мен жылыту жүйелерін алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді; • ауылдық округінің орталығындағы Қасымбек датқа ауылындағы облыстық маңызы бар Қ.Мұсаев көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандары мен жеке тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, абаттандырылды; • ауыл тұрғындарымен Қасымбек датқа ауылындағы Қ.Мұсаев көшесі бойындағы ағын су арығы тазаланды; • жол бойындағы қураған ағаштарды қырқу, шөп тікендері орылды; • Сарыарық елді мекенінің кіре-беріс жеріне ауыл тұрғындары мен демеушілер көмегімен орнатылған арканы сырлау, абаттандыру жоспарланды; • Әсіларық ауылынның кіре-берісі абаттандырылды; • Таскешу елді мекені жанындағы «Сайрам ауданы» белгісінің айналасы тазаланып, ретке келтірілді. Ауылдық округінің әкімі алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарды қосымша баяндап өтті. Баяндама соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Аталған жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев онкүндік іс-шарада белсенділігін танытқан бірқатар тұрғын мен қызметкерге алғысын жеткізіп, құрметін көрсетті. Аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапалғандардың ішінде №67 «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебінің шаруашылық меңгерушісі Е.Қаратаев, қоғамдық жұмысшылар Н.Сембиев және К.Абжалова, «Көркем Аймақ» ЖШС-нің басшысы Д.Анартаев, Шіркін ауылының азаматы Д.Эшайдаров, Таскешу ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Абдрамановалар болды. Бұлардан бөлек, ауданда ветеринария саласында ұзақ жылғы және атқарған қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін Байдуллаев Нұрлыбек Әшірбекұлына Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалі тапсырылды.