Экономика Инновациялық жобаны іске қосты Редактор 06.11.2022 11771 1 оқу мин Инновациялық жобаны іске қосты Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы орталығында «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі балаларға арналған жөргектер өндіреді. Бүгінгі таңда қазақстандық бренді бар өнімдер оңтүстіктен басқа да өңірлерге саудаға шығарылуда. Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығында «CaPable Group» компаниясы балаларға арналған жөргектері сұранысқа ие болып отыр. Жергілікті кәсіпкер Сүйін Бейімбет Түркия елінің кәсіпкерлерімен бірлесіп, былтыр ауданда осы инновациялық жобаны алғаш рет іске қосқан болатын. Жобаның жалпы құны — 3 млрд теңге. Кәсіпорында 2-ден 6-ға дейінгі өлшемдегі жөргектердің тәулігіне 180 мың данасы өндіріледі. «Симбо бейби» және «Алтын бала» атты жөргектер шикізаттың оннан астам түрінен дайындалады. Құрал-жабдықтар Түркия мен АҚШ-тан сатып алынған. Отандық өнімдер тұтынушылар үшін тиімді бағада ұсынылғандықтан сұраныс көп. Кәсіпкер жергілікті 40-тан астам азаматты жұмыспен қамтып отыр. Олардың арасында бірнеше мүгедек жандар бар. Негізгі жұмыс тәртібі — 8 сағат, ал мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығына байланысты жұмыс сағаты да ыңғайлап есептелген. Кәсіпкер алдағы уақытта ересектерге де арналған жөргек шығаруды қолға алуды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 14010 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 35339 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 47933