Мақта дақылынан май шығаратын өнеркәсіп орындары бар Бүгінде күнбағыс майы, мақта майының бағасы аспандап тұр. Шетелден келетін импорт өнімнің бағасы тіптен қымбаттап кетті. Ал елімізде өндірілетін мақта майларының импорт өнімді нарықтан түре қуып шығатын күні де алыс емес сынды. Оған аудан орталықтарында май өндіріп отырған өндіріс орындары көбейіп келеді. Еліміздегі ақ алтынның отаны саналатын Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында мақта зауыттары мен қабылдау бекеттері бар. Бүгінде шикізатты дайын өнімге дейін жеткізудің жолдары қарастырылып, ауданда мақта дақылынан май шығаратын өнеркәсіп орындары бар. Ауданның кәсіпкерлері ақ алтынды шикізат күйінде емес, дайын өнім күйінде еліміздің басқа өңірлеріне, шетелге сатып, табыстарын еселеуде. Соның бір мысалы Жетісай ауданының май өнімдерін шығаратын өнеркәсіп орыны көрші Өзбекстан Республикасына мақта дақылынан Бұйра зығыр (Льна-кудряша), күнжара (жмых кормовой), зығыр майы (Льняное масло) өнімдерін өткізу арқылы экономикамыздың өсуіне өз үлесін қосуда. Осы орайда, Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалы кәсіпкерге өз өнімдерін өткізуге заңгерлік, кедендік рәсімдер бойынша, маркетинг мәселері бойынша сүйемелдеу қызметтері толық қанды көрсетіліп, өз нәтижесін көрсетуде. Бұл өз кезегінде шекара маңындағы сауданы дамытудыңм да бір тетігі болып табылады.