Экономика Кәсіпкерлікті қолдау бағытында қолға алынған бағдарламалар туралы айтты Редактор 06.11.2022 13269 1 оқу мин Кәсіпкерлікті қолдау бағытында қолға алынған бағдарламалар туралы айтты Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының прокуратурасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалымен бірлесіп Қаратөбе ауылдық округінің кәсіпкерлерімен және ауыл тұрғындарымен ағымдағы жылғы 2 қарашасында кездесу өткізді. Жиында төрағалық еткен аудан прокуроры О.Абдраманов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында аудан прокуратурасымен атқарылған жұмыстары және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін қылмыстық құдалау саласында қандай жаңалықтар пайда болғаны туралы баяндама жасап, кәсіпкерлердің және ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Одан бөлек, жиналғандардың алдында кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекет тарапынан қандай бағдарламалар іске асып жатқаны туралы, осыбағдарламалар арқылы көмек алу үшін қандай құжаттарын жинақтап қайда өткізу керектігі туралы аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі О.Жанкалов айтып өтті Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалының басшысы М.Мусаева палата тарапынан қандай көмектер мен қолдаулар көрсетілетіні түсіндіріліп, тиісті құжаттар халық арасында түсіндірме және насихаттау жұмыстарын жандандыру үшін Қаратөбе ауылдық округінің әкімдігіне жеткізілетінін мәлімдеді. Өз кезегінде жиынға қатысқан азаматтардан мемлекеттік бағдарламалар арқылы алуға болатын гранттар, несие, субсидиялар туралы бір қатар сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Жиналыстың қорытындысымен хаттамалық шешімге кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың барлығы еніп, осы хаттамалық шешімнің орындалуы бақылауға алынды Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 14010 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 35339 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 47933