Астықты жиып, қамбаға құйып, мол өнім алды Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық орталық алаңда шаруалардың жыл қорытындысы саналатын, алқапты егінді жайқалтып, ала жаздай бау-бақшасын баптаған еңбек адамдарына арналған «Алтын күз-2022» салтанатты мерекесі өтті. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалардың ауыл шаруашылығы өнімдері саудаға шықты. Биылғы жылы ауданда агрегаттарын қоса алғанда 70-тен астам ауыл шаруашылығы техникасы жаңадан алынып, оның соңғы үлгідегі 14-і халыққа көрсетілді. Сала үздіктері аудан әкімінің марапатына ие болып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Күннің аптап ыстығына, түрлі қиындықтарға қарамастан төгілген тер, мол өнім жинауға атсалысқан шаруа еңбегі қандай марапатқа болсын лайық. Жалпы отырарлықтар үшін астықты жиып, қамбаға құйып, мол өнім алған биылғы жыл табысты аяқталды. Жиылған халыққа аудандық мәдениет сарайы өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады.