Экономика Ауданда өсірілген балықтарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары Редактор 06.11.2022 8781 Ауданда өсірілген балықтарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары Бүгінде облысымызда балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналуда. Облыс көлемінде өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы Көксарайлық кәсіпкер Әбужахил Есмұрзаевтың шабақ балық өсіру орны бүгінде облыс аумағына танымал. Көксарайлық кәсіпкер көлде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауданда өсірілген балықтарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Бүгінде Әбужахил Есмұрзаевтың иелігіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығы 1992 жылы құрылған. Кәсіпкер қазіргі таңда Көксарай ауыл аумағында ораналасқан «Көксарай көлінде» 2016 жылдан бастап шабақ балық өсіру кәсібімен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 10 адам жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкердің мәліметінше алдағы уақытта арнайы балық өсіретін зауытты іске қоспақ. Жалпы, осы жоба іске асқан жағдайда, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, балықтарға арналған азық (гидопоника) өсіруге арналған цех ашып кәсібін одан әрі дамытатындығын жеткізді. Кәсіпкер енді ендігі жерде «Көксарай көлінің» аумағына жасыл желек егіп, су бұрғақ орнатуды және демалыс аймағының құрылысын жүргізіп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Сол мүмкіндікті пайдаланып отырған кәсіпкерлердің асығы алшы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 14010 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 35339 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 47933