Кентауда 5 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы және ауылдардағы кәсіпкерлермен агроқұрылым, шаруа қожалықтарына Үкімет тарапынан бекітілген бағдарламаларға сәйкес берілетін тиімді несие, басқада жәрдемдер мен жеңілдіктерді кеңінен түсіндіру мақсатында семинар өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов, облыстық туризм басқармасының туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Медеуов Нұрдаулет, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өкілі Н.Азизов, «Ырыс» МҚҰ ЖШС директоры Нұрлыбаев Жандос, «Оңтүстік» АИО ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Асанов Мақсат, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорының орынбасары Асланбек Исахов, «Халық Банк» АҚ Кентау қаласы филиалының директоры Акмал Абдужаппаров, «Атамекен» ҰКП Кентау қалалық филиалының директоры М.Садуов қатысты. Кең ауқымды семинар басын қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Қарабайұлы ашып, Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдарда 5000 жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, қызмет етіп отырғанын, жалпы еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 1,4 млн субъектіге жеткенін айтты. Жиынға қатысушы қала тұрғындарына семинардың басты мақсаты: кәсіпкерлікті дамыту бойынша Үкімет және қаржы ұйымдары тарапынан бекітілген бағдарламаларға сәйкес берілетін тиімді несие, мемлекеттік жәрдемдер мен қаржылық қолдауларды кеңінен түсіндіру екенін атап өтіп, жиын барысында барлық қатысушыларға сұрақ-жауап және ұсыныс пікірлерін еркін айтып, белсенді қатысуға шақырды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов өз кезегінде қазіргі таңда шаруаларды алаңдататын мәселелерге тоқтап, мемлекеттік субсидияларды кеңінен түсіндіріп, оның ішінде мал шаруашылығы саласындағы 24 түрлі субсидия, электронды өтініш беру және құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша ауқымды ақпарат берді. Сонымен қатар, туристтік бағыттардағы санитарлық-гигиеналық тораптарды, қонақ-үйлермен кемпингтерді мемлекеттік субсидиялау және де “Kids Go Free” бағдарламаларын облыстық туризм басқармасының туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Медеуов Нұрдаулет түсіндіріп өтті. Әр баяндамашы өз саласы бойынша мемлекеттен берілетін көмектер мен кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша ақпарат беріп, арығарай сұрақ-жауап форматына көшіп жиынға қатысушы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Келелі жиында кәсіпкерлер мен шаруашалар қажетті сауалдарына сала басшыларымен мамандарынан жауаптар алып, ризашылықтарын білдірді. Қала әкімінің орынбасары Ғ.Қарабайұлы алдағы уақытта осындай семинарлардың кеңінен жалғасын табатынын кәсіпкерлер назарына жеткізіп, барша жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.