Шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін арттырған кезде заңға сәйкес жауаптылықта болады Ағымдағы жылы Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының Кәсіпкерлік бөлімі орынбасары О.Жанкалов, сонымен қатар аудандық прокуратура өкілі мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Төлеби аудандық филиалы бірігіп үй маңындағы азық-түлік дүкендеріне (Әлеуметтік маңызы бар тауарларға ) Сауда қызметін реттеу заңы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізді. Кәсіпкерлер осы заңмен толыққанды танысып,талаптарын сақтауы қажет. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға белгілеуде заң талаптары қатаң бақылауда болатынын да естен шығармағаны ләзім. Мәселен, Сауда қызметін реттеу заңының 9-бабы бойынша ішкі сауда саласында баға белгілеу. Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды. Тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады. Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін артттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.