Кәсіпкер келіншек… Бүгінде кәсібін бастап, кәсіпкер атанамын дегендерге даңғыл жол ашық. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмекті дер кезінде пайдаланып, кәсәбін шырқ үйіріп отырғандардың қатары артып келеді. Өзіне ұнайтын хоббиін кәсібіне айнадырып. Шалғай шеттегі ауылда отырып ақ тиыннан теңге құрап, миллионер атанып отырған қыз-келіншектер қатары аз емес. Шаш қию, тәтті торттар пісіретін, әдемі көйлек тігіп сатып отырған іскер әйелдер отбасы табысын арттыруға да атсалысып жүр. Солардың бірі Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылының тұрғыны — Жадыра Медетова. Қолынан іс келетін пысық келіншек мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмектердің бәрін зерделеп жүріпті әу баста. Ақыры тәуекел етіп, оқуын оқып, сертификатын алып, биыл «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде 1 миллион 200 мың теңгенің грантына қол жеткізіп, кәсіп бастап отыр. Бүгінде жұмысбасты әйелдер көп. Жұмыстан шаршап, шалдығып үйге жеткенде қазан көтеріп, тамақ дайындау да оңай емес. Әрі ол пісірген тамағы жатар уақытта дайын болады. Кәсіпкер келіншек жартылай фабрикат өнімдеріне тапсырыс қабылдайды. Жартылай дайын тағамдарды көбіне жұмысбасты әйелдер сатып алады екен. Жадыраның қолынан шыққан жартылай дайындалған самса, тұшпара, голубцылар мен котлеттерге ауыл тұрғындары күні бұрын тапсырыс беріп жатады. Қазір той-жиынның жиілеген кезі. Кейіпкеріміздің пісірінділеріне сұраныс артқан. Қонақ күтетіндер де дайын өнімге көптеп тапсырыс береді. Осылайша ауылда отырып-ақ отбасы табысын еселеп отыр. Кейіпкеріміз бала жасынан ас үйде тамақ пісіргенді ұнатқан екен. Анасы әскери бөлімдердің бірінде жылдар бойы аспаздық еткен. Анасына жәрдемші болып жүріп, бәрін үйреніп алған. Көмектескені анасына жақсы, үйренгені өзіне жақсы. Түрлі тәттілер пісіруді де жетік меңгеріп алады. Қолды аяққа тұрмайтын, жылдам, пысық келіншек әу баста көршілеріне қонақ шақырғанда көмектесіп, зуала-зуала қамыр жайып, дастарқан дәмдерін дайындасқан. Кейін жайылған дайын қамырды қатырып сатып, табыс тапқан. Алайда, жартылай дайын өнімдерді көптеп әзірлеу үшін оған құрал-жабдықтар, қосымша қаражат қажет болыпты. Өкіметтің оқуынан бөлек, кондитерліктің қыр сырын үйрететін курста үш ай оқып, білімін жетілдірген. Тәтті, дәмділерді дайындаудық өзіндік құпиясына қаныққан. Мемлекет қолдауына өтінім берген ол алдымен үш айда кондитер, аспаз курсын оқып, грантқа өз бизнес жобасын ұсынады. Комиссия алдында жобасын сәтті қорғап шыққан соң қаражаты қолға тиіп, өнімдерді дайындауда ауадай қажет болған газ пешін, мұздатқыш, тоңазытқыш, миксер, ет тартқыш сияқты құрал-жабдықтарын сатып алды. Енесі мен тұңғыш қызын жәрдемші етіп, көптеп тапсырыс қабылдай бастайды. Мектептер мен балабақшалардан да тапсырыстар түседі. Келіншек пісірінділерге қажетті қоспаларды түгел Шымкенттен алдыртады екен. Көбінесе өнімдеріне құнарлығы жоғары табиғи, сапалы қоспаларды пайдаланады. Жадыра осылайша ай сайын 300 мың теңгенің төңірегінде табыс тауып отырғанын айтады. Бүгінде ауылдағы көп ағайын атаулы әлеуметтік көмекке қарап отырғаны белгілі. Сол ақшаны қанағат тұтып, кәсіп бастауды, с бастауға қорқақтайды. Ал біздің кейіпкеріміз де осыған дейін көпбалалы отбасы мұқтаж отбасылар қатарында болып, атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Грантқа қол жеткізен соң бұл жәрдемді қазір алмайды. Себебі, жеке кәсіпкер атанған келіншек табысын арттырып, отбасының тұрмысын түзеп келеді. Аспаз әйел әлеуметтің әлсіз тобына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің уақытша берілетінін әу баста-ақ түсінді. Қаражаттың отбасының кедейлік шегінен, тығырықтан шығуы үшін ғана берілетін білген келіншек өз қамын жасады. Сүйікті ісінен пайда тауып, кәсіпкерлікке бет бұрды. Отыз бес жастағы көп балалы Жадыра мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта үлкен ғимарат жалдап, кондитерлік дүкен ашқысы келеді. Ауылда әзірге ондай сауда орны жоқ. Қазір ол осы бағытта ізденіспен жүр. Торттың түр-түрін, пахлава, бәліштертер мен көпшілікке «хит» болған тәттілерді дайындауды үйрететін шеберлерден онлайн сабақ алуды жоспарлайды. Бүгінде әлеуметтік желілерде түрл тәттілер пісіруді үйрететін шаберлік сабақтары өткізіледі. Оған қатысудың да кмегі көп. Әрі үйренері де көп. Ал Бұл кәсіптің қыр сырын үйрену үшін ақша төлеп, көзбе көз үйренген өте тиімді. Кәсіпкер осы жағына мән беріп жүр. Үлкен дүкен ашса өзіне де, ауылдастарына да пайдсы тиер еді. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Бизнесін кеңейтіп алып, ауыл келіншектерін де осы шаруашылыққа баулуды ойлап жүр. Қазірдің өзінде екі бөлмелі үйде тұратын көпбалалы отбасында қызу тіршілік. Жалға ғимарат алса, шаруаға епті келіншек бизнесін дөңгелетіп әкетпек. Кейіпкеріміздің айтуынша, «Бизнес бастау» жобасының әсіресе ауыл-аймақтарда тұратын жұмыссыз әйелдерді кәсіпкерлікке баулуға септігі мол. Сондықтан да дер кезінде, дер уақытында үкіметтің көрсетіп жатқан көмегін алып, кәсіп бастап кеткен дұрыс.