Экономика Ауданның экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері үлес қосып келеді Редактор 09.11.2022 8146 1 оқу мин Ауданның экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері үлес қосып келеді Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданыының әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері айтарлықтай үлес қосып келеді. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, келеңсіз жағдай орын алса, жылдам іске кірісетін коммуналдық саланың жауапкершілігі мол. Аталған салада қызметін абыроймен атқарып келе жатқан азаматтардың бірі – Қоныс Тілемисов. Ол 1982 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы арнаулы орта білім беретін оқу орнын аяқтаған соң «Төлеби көп салалы коммуналдық кәсіпорнында слесарь-жөндеуші болып бастайды. Қазіргі таңда «Жарық жолдар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің слесарь-жөндеушісі болып жұмыс істейді. Қоныс Қалмасұлы алдына мақсат қоя алатын, өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Саладағы жұмыс өтілі — 23 жыл. Ол жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған. Айта кетейік, оның ұзақ жылғы жемісті еңбегі бағаланып биыл III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 223538 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 244886 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 250779