Инвестициялық жобалар қатары артып келеді Түркістан облысында бүгінде кәсіпкерлік саласында қарқынды даму бар. Биылғы жылдың басынан бері 21 мыңнан астам кәсіпкерлік субьектісі ашылған. Бүгінде облыста өңірлік жоба жүзеге асырылуда. Ветеринариялық қызмет көрсету және оқыту орталығы бар. Ветеринариялық жұмыстардың барлық циклын оқытуды және жүргізуді «Бөрте Милка» ЖШС сүт тауарлы фермасы базасында «Dairy Global Experts» компаниясының сарапшылары жүзеге асырады. Жобаға қатысушылар: «Майлыкент-Сүт Агро» АӨК, «Мараимов Ш.» Ш/Қ, «Закиров А.» ЖК, «Ратшев Х.» ЖК, «БакДаулет» Ш/Қ, «О. Курбанов и К» ӨК, «Бөрте Милка» ЖШС. Сүт бағытындағы 2 000 бас ІҚМ қызмет көрсетуге қамтылды. Шаруа қожалықтарының базасында шеберлік сабақтарымен 6 семинар өткізілді, 120-дан астам адам қатысты, оның ішінде ветеринарлар – 50, аграрлық колледж студенттері – 70. Орташа сүт сауу 1 сауын сиырға 5 литр сүтке дейін ұлғайтылды (22,4-тен 27,4 литрге дейін, сүт өнімділігі 35 литрге дейін). Жаңа төлдейтін топтарды технологиялық сүйемелдеу есебінен мал басының сақталуы 35% — дан 5% — ға дейін жақсарды. Тәжірибелік шеберлік сабақтары өткізілді. Білім беру мазмұны бар Ветеринариялық қызмет көрсету орталығының YouTube арнасы құрылды. Пилоттық жобаны қолдау және облыстық бюджеттен қаржыландыру көздерін қарастыру жөнінде Түркістан облысының әкіміне ұсыныс жолданды. Сондай ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша да жұмыстар атқарылуда. 2021 жылдың 9 айында 242 өтініш келіп түскен, оң шешілген өтініштер саны – 104 (3,1 млрд тенге). 2022 жылдың 9 айында 129 өтініш келіп түскен, оң шешілген өтініштер саны – 47 (404 млн тенге). Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің қызметі: 8 отырыс; 15 сұрақ; 23 ұсыным; 1 отырыс облыс прокуратурасы жанындағы Сараптамалық кеңеспен бірлесіп өтті. Нормативтік-құқықтық актілерді қарау: 206 жоба; 108 ескертпесіз; 58 ескертпемен; 40 бизнес мүддесін қозғамайды. Құқықтарды қорғау бойынша өтініштердің құрылымы: 32% – жер мәселелері, 21%– кедендік әкімшілік, 14% – тарифтер, 15% – сатып алулар, 14%– мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне және 4% – салық мәселелері. Қазіргі таңда сүйемелдеудегі инвестициялық жобаларды атап айтатын болсақ: табиғи сусын, құрғатылған тамақ өнімдерін шығару жобасы (құны 1 млн евро), Өсімдік майын шығару жобасы (құны 100 млн теңге), Тауық жұмыртқасына арналған қағаз науа шығару жобасы (құны 50 млн теңге), Пакет шығару жобасы (құны 200 млн теңге)