32,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілген Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында 2022 жылдың басынан бері өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 97,5 миллиард теңге болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17,6 пайызға артты. Ордабасы ауданында бүгінгі күнге 12 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оларда 18 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Аталған субьектілермен жыл басынан тоғыз айда 32,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 151,4 пайызды құрап отыр. 2022 жылдың 9 айында жалпы инвестициялық құны 2 миллиард 254 миллион теңгені құрайтын 21 (сауда орталықтары, көлік жуу бекеттері, мал бордақылау алаңдары, дәріхана, емдеу орталықтары, жаңбырлатып суғару жүйелері және т.б.) жоба іске асты. Нәтижесінде 82 жұмыс орны ашылды. Еңбексүйгіш ынталы аудан тұрғындары жеке кәсіпкерлікке бет бұруда. Алдағы уақытта осы салаға үн қосатындардың қатары әлі де толыға түетіні сөзсіз.