Сұранысқа ие сапалы өнім Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы аграрлы аймақ. Мұнда жеңіл өнеркәсіп те, тамақ өнеркәсібі де, ауыл шаруашылығы да, мал шаруашылығы да мықты дамыған. Әсіресе шетелге өнім экспорттап отырған ірі өндіріс ошақтарының басым бөлігі осы ауданда шоғырланған. Өңірдегі тамақ өнеркәсібінің көшбасшысы саналатын «Қарқын-2030» ЖШС-і Өзбекстан шекарасына жақын Қақпақ ауылдық округінде орналасқан. Демек шекара маңындағы сауданы дамытудың тетігі деуге де болады. Аталмыш серіктестіктің құрылтайшылары осыдан он екі жыл бұрын өз қаражатына мал сою пункті мен шұжық цехын салған болатын. Сол кезде жүзеге асырылған жоба өте ауқымды болатын. Оның құрамына суармалы жерлер, соның ішінде ірі қара мен тауық үшін азықтық дақылдарды өсіруге арналған жерлер бар. Солтүстік облыстан ірі қараның етті және сүтті бағыттағы 400 сиырды сатып алды. бірінші партиясын – 400 симментал сиырын сатып алды. Мал бордақылау алаңын іске қосқанда шеттен жем, шөп сатып алып, шығын шығарған жоқ. Бәрін де өздері дайындайтын. Бұдан кейін құс фабрикасы іске қосылды. 2012 жылы Канададан серіктестік 6000 инкубациялық жұмыртқа сатып алып, құстарды жаппай бордақылауды бастады. Құс етінен шұжық шығарыла бастады. Ал 2013-2015 жылдары шұжық шығаратын немістің Schaller компаниясынан лизинг бойынша құрал-жабдықтарды алды. Бір ғана өнім өнірумен шектеліп қалмай сан қыры өнімдерді өндіруді қолға алған қарқындықтардың істері нәтижелі де. Аталмыш кәсіпорынның ассортиментінде ет өнімдерінің 60 түрі, соның ішінде деликатестер бар. Тәулігіне бес тоннаға дейін өнім шығарады. Жақында компания атақты құс фабрикаларымен бәсекеге түсіп, сауда желісіне тауық жұмыртқасын жеткізе бастады. Ал «Нәрлен» сауда белгісі аймақтық брендке айналды. Бүгінде танымал өнімдердің тұтынушылары жетіп артылады. Дүкенге бас сұққан кез-келген сатып алушы ең алдымен «Нәрленнің» шұжықтарын сұрайды. Ал сатушылар ең сапала шұжық қайсы дегендерге «Нәрленді» ұсынады. Дәмі де, иісі де өзгеше өнімді өндіруге қарқындықтар бар күштерін салды. Оны брендке айналдыруға дейін қаншама еңбек, қаншама күш жұмсалынды. Бүгінде сол еңбектері өздеріне атақ пен абырой әкелді.